"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ыбырая Алтынсарина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Электронды порталдар

Қазақ тілін үйренуге бағытталған:

tilqural.kz

abai.institute

Tilmedia.kz

balatili.kz

Сөздік қорды байытуға бағытталған:

Emle.kz

Termincom.kz

Sozdikqor.kz

Qazcorpora.kz

Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:

Qujat.kz

Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:

Atau.kz

Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:

Qazlatyn.kz

Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:

Tilalemi.kz

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз…" атты балалар мен жасөспірімдерге арналған байқау (онлайн байқау)

26.10.2020

       Целиноград ауданы Ы.Алтынсарин ауылының орта мектебінде 22 қазан 8.00-ден 23 қазан 21.00-ге дейін мектепішілік Фариза  Оңғарсынованың оқуларына инстаграм желісінде онлайн байқау өткен болатын.
        "Фариза, фаризажан, фариза қыз…"атты балалар мен жасөспірімдерге арналған Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауының ережесі (онлайн байқау)
Қазақтың лирик ақыны Ф.Оңғарсынованың "Фариза,,Фаризажан, Фариза қыз…» байқауы жыл сайын Целиноград ауданы бойынша оқушылар арасында өтілуде.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
- ақын шығармашылығын насихаттап, оның әдеби-лирикалық өзгешеліктерін көрсете білу;
- жас оқырманға ақын поэзияларының мән-мағынасын тереңінен түсіндіріп, олардың поэзияға,
өлең оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- ақынның сөздеріне жазылған әндерін жандандырып, дәріптеу;
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:
5 - 7 жас аралығы - бүлдіршін топ
8 10 жас аралығы - кіші топ
11 - 13 жас аралығы - орта топ
14 - 16 жас аралығы - жасөспірім топ
17 - 20 жас аралығы - жоғарғы топ
жанрлар «Эстрадалық вокал», «Көркем сөз», «Ақындық өнер», «Бейнелеу өнері», «Қолөнер»

Жанрлар талабы:

  • "Эстрадалық вокал" жанры бойынша байқауға қатысушы бір ән орындайды. Ән Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған болуы қажет. Әннің уақыты 3-3,5 минуттан аспауы қажет. (Дуэт, трио, квартет құрам бойынша да қатысуға болады)
  • "Көркем сөз" жанры бойынша ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу керек.(Ф. Оңғарсынованың жырларын оқуға "Дауа", "Ғашық сезім", "Сандуғаш", "Шілде", "Жүрек күнделігі", "Жүректің төрт мезгілі", "Сұхбат" сияқты т.б жыр жинақтарын пайдалануға болады. Кіші топ қатысушылары ақынның «Жетім монологы», «Жетімхана» сынды т.б ауыр тақырыпта жазылған өлеңдерін оқуға рұқсат етілмейді. )
  • «Ақындық өнер» жанры бойынша қатысушы Ф. Оңғарсыноваға арнап өз жадынан өлең шығарып, сол өлеңді мәнерлеп жатқа оқу керек.
  • «Бейнелеу өнері» жанры бойынша байқауға қатысушы Ф. Оңғарсынованың портретін салып көрсету керек. Салып келген туындысын қанқұралмен салғанын түсіндіріп қорғайды.
  • «Қолөнер» жанры бойынша қатысушы Ф. Оңғарсынованың бейнесін кез келген бұйыммен жасап (тоқып, желімдеп) немесе ақынның өлеңдеріне байланыстырып қолөнер бұйымдарымен туындысын жасап көрсету керек.

Қатысушының бағалануы: жинаған сан ұпайы (лайк) бойынша қатысушылардың арасынан байқаудың жүлдегерлері анықталады;
        "Фариза Фаризажан Фариза қыз" атты байқауға мектептен 20 оқушы қатысып 5 оқушылардың аудандық байқауға жолдама алды. Соның ішінде көркем сөз номинациясы бойынша 1 сынып оқушысы Ерғали Дария 446 дауыспен (лайк) , 3 сынып оқушысы Сейтқапар Айару 604 дауыспен (лайк) , 5 сынып оқушысы Нұрдосқызы Айшуақ 96 дауыспен (лайк) , 10 сынып оқушысы Есенбай Қарақат 107 дауыспен (лайк) және эстрадалық вокал номинациясы бойынша 1 сынып оқушысы Дабыл Жұлдызай 123 дауыспен (лайк) жеңімпаз атанды.

Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Текст