Қазақ тілін үйренуге бағытталған:
Сөздік қорды байытуға бағытталған:
Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:
Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:
Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:
Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты:
— қарым-қатынасты ізгіліктендіру;
— ұжым өмірін жариялылыққа, еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау
Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің өзектілігі:
— оқушылар әрекетінің еріктілігі, жариялылығы, тең құқылығы;
— жалпы адами асыл құндылықтарды шынайы бағалауға бағыттау;
— өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызу;
— ұйымның өзге мүшелерінің пікіріне құлақ аса отырып ой бөлісу, өзгелер пікірін құрметтеуге төселдіру.
Оқушылардың өзін-өзі басқарудың принциптері:
— мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігі;
— оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жауапкершілігі;
— оқушылардың өзін-өзі басқаруда өкілеттілігін тағайындау;
— оқушылардың өзін-өзі басқаруда алуан түрлі әдістерін пайдалану;
— оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының оңашаландырылуы және жалпыға бірдей тапсырыстарды жүзеге асырудағы тығыз байланыстылығы.
Өзін-өзі басқарудың құндылығы сонда осы ұйым арқылы оқушылар мектеп өміріне, мектептің ішкі саясатына, әкімшілік жұмыстарына, мектепішілік оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып шешім қабылдауға ықпал етеді.
Келер күнге сеніммен қарататын осындай игі де ізгілікті іс біздің ұжымымызда оң нәтижесін беруде.