Қазақ тілін үйренуге бағытталған:
Сөздік қорды байытуға бағытталған:
Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:
Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:
Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:
Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:
Ы.Алтынсарин ауылының ЖОББ мектебінің 5-9- сынып жетекшілері «Ата-аналарға педагогикалық қолдау» бағдарламасы бойынша ата-аналарға сабақ өткізді. Мақсаты: Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар мен балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
«Әр нәрсенің өлшемі бар...» тақырыбында өткізілген жиналыста постер қорғау, сергіту сәтін өткізу, тест сұрақтарына жауап беру, көрсетілімді тамашалау, аяқталмаған сөйлемді аяқтау, ғибратты әңгіме тыңдау сияқты жұмыстар жүргізілді.
Ата-аналар өте белсенді болып, сабақ барысында алғыстарын да айтып, пайдасы мен түйері мол сабаққа қатысқандарына ризашылықтарын білдірді.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, мемлекеттің абыройлы міндеті екенін ескерейік!