Қазақ тілін үйренуге бағытталған:
Сөздік қорды байытуға бағытталған:
Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:
Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:
Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:
Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:
Бүгін 18.09.2023ж.ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шалдыбай Ақмарал Ибаділдәқызы мектебімізге Африкалық азаматша Назарбаев Университетінің магистранты Christabel Aguh ханымды алып келді. Біз практика жүзінде ағылшын тілінде сөйледік. Тіл сөйлеушімен сөйлесу бөлек екенін ұғындық және сөзімізді барынша ағылшын тілінде жеткізуге тырысып отырдық. Біз қонақжайлығымызды танытып қарсы алдық және 8ә сынып оқушылары кездесу барысында қазақтың ұлттық құндылықтары домбырамен күй тартып, ұлттық тағамнан ауыз тигізді. Christabel ханым бізге сабақ өткізді және әлі де сабақ өткізуге практикаға келетінін айтып кетті. Бізге сөздерді көп жаттауға кеңес берді. Ақмарал Ибаділдәқызына мың алғыс бізге осы уақытқа дейін ағылшын тілінің грамматикасын жоғары деңгейде үйретіпті енді ауызекі сөйлеуді дамытуды мақсат етіп отыр және сол мақсатқа бірге жетеміз деп отырмыз. Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін еркін меңгеру ең басты міндет екенін Ақмарал Ибаділдәқызы жеткізе білді.
11"А" сынып оқушысы Дарханқызы Асыл.