"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ыбырая Алтынсарина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Электронды порталдар

Қазақ тілін үйренуге бағытталған:

tilqural.kz

abai.institute

Tilmedia.kz

balatili.kz

Сөздік қорды байытуға бағытталған:

Emle.kz

Termincom.kz

Sozdikqor.kz

Qazcorpora.kz

Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:

Qujat.kz

Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:

Atau.kz

Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:

Qazlatyn.kz

Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:

Tilalemi.kz

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім – инемен құдық қазғандай»

20.12.2022

«Білім – инемен құдық қазғандай»

Бұл мақал арқылы оқудың оңай емес екендігін, инемен құдық казу қаншалықты қиын болса, оқудың да соншалықты қиын екені айтылады. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ы.Алтынсарин ауылының орта мектебінде білім мазмұнын жаңарту аясында ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіре отырып, білім берілуде. Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес қараша айында «Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны» тақырыбында өткізілген ауқымды аудандық семинар осы сөзімнің дәлелі деп айтуға болады. 
Мектебіміздің биылғы түлектері 3 оқушы Жолдаңғарова Аяулым, Отанбек Айбота, Сыдық Ұлболсын «Алтын белгіге» үміткер болып отыр. Дарынды оқушыларымыз да аз емес. Пәндік олимпиадаларда белсенді қатысатын оқушылар өз бақтарын сынап 15 оқушымыз ауданға жолдама алып отыр. Пән мұғалімдерімен бірлесе пәнді терең оқып, қосымша материалдармен толық танысу ақылы үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ғылыми жобалар байқауында 2021-2022 оқу жылы бойынша 5 оқушы Сыдық Ұлболсын, Русланұлы Бақдәулет, Мейірім Сезім, Аманжол Жансерік, Инкар Арайлым облысқа жолдама алды. Олар:  тарих, информатика, физика, биология пәндері бойынша ғылыми жоба қорғады. Сонымен қатар «IQanat» республикалық  олимпиадасында Инкар Арайлым, Жолдаңғарова Аяулым жеңімпаз атанып, Көкшетау қаласында өткен облыстық байқауға қатысты және қазіргі таңда аталмыш олимпиаданың өтілуіне волонтер ретінде қатысып келеді. 
Әдістемелік бірлестіктердің үздіксіз жұмыстарының нәтижесінде мұғалімдеріміз авторлық жұмыстар жазып, «Үздік педагог» сайыстарына қатысып марапатталып келеді. «Үздік авторлық жұмыс» бастауыш сынып мұғалімі Қоянбаева Г.Т.жұмысы облыстық кезеңнің жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге қатысып келсе, тарих пәнінің мұғалімі Темірхан Ж. «Тәуелсіздік нышандары» тақырыбында ғылыми жобасы облыстық кезеңнен 1-орынға ие болды. 
Сонымен қатар мектебімізде жас мамандарға көп көңіл бөлінуде. Биылғы жылы жұмысқа 4 жас маман қабылданса, барлығы 6 жас маман мектепте өз еңбек өтілдерін бастап жатыр. Оларға арнайы тәлімгерлер бекітіліп, әдістемелік қолдау жан-жақты көрсетіліп келеді. Нәтижесінде жас маман Шалдыбаев А.Р. «Үздік жас маман» аудандық сайысына қатысып, облысқа жолдама алды. 

Просмотров: 559


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Текст