Қазақ тілін үйренуге бағытталған:
Сөздік қорды байытуға бағытталған:
Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:
Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:
Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:
Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:
12.12.2022 күні, Ы.Алтынсарин ауылының ЖББОМ 8 сынып оқушылары “Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі” тақырыбындағы қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестік апталығының жоспары бойынша “Сен өз тарихыңды білесің бе?” тақырыбында АЛЖИР мемориалды-мұражай кешеніне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия мақсаты:"АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде саяси қуғын-сүргін тарихы мен тарихи-мәдени мұраны дәріптеу. Мұражай дайындаған тұжырымдамаға сәйкес заттарды көрсету арқылы жасалған көрмелер білім алуға және тәрбие беруге бағытталған.
АЛЖИР дегеніміз – отанын сатқан азаматтардың әйелдері тұтқындалған саяси лагерь. Басқаша айтқанда, Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері. 1938 жылы құрылған. Қарағанды лагеріне (ҚарЛаг) қараған. 1953 жылға дейін 18 мың әйел тұтқынға түзіп, түзетуден өткен деседі.
Қазір бұл жерде "Алжир" мемориалды-музей кешені ашылған. Кешеннің аумағында Сталин вагоны, ескерткіш мен монумент, композициялар, тақтатас, барақ, Алаш саябағы еске алу қабырғасы мен мұражай орналасқан. Осындай экскурсиялар ұйымдастыру оқушылардың өз тарихын терең меңгеруіне мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Жетекшілер: тарих пәнінің мұғалімдері Темірхан Ж, Кожауова Б.Т