Қазақ тілін үйренуге бағытталған:
Сөздік қорды байытуға бағытталған:
Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:
Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:
Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:
Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:
Конституциялық Кеңес Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша маңызды шешім қабылдап отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық жауапкершілікті өз мойнына алып өте парасатты шешім қабылдап отыр деп ойлаймын. Яғни, болашақта Президенттің есімі Конституцияға жазылмайды және оның ерекше мәртебелі орны Заңда көрсетілмейді деп шешім қабылдап отыр. Бұл нені білдіреді? Жеке басқа табынушылықты болдырмайды, мақтануышылықты тыяды, жемқорлықты болдырмайды деген сөз. Халық осы игі істі қолдаса, Конституция бекітілсе жаңа Қазақстанда жаңа үрдіс қалыптасар еді. Конституция алдында барлығы тең болу керек деген шешімді Мен, білім беру мекемесін басқарып отырған басшы ретінде қолдаймын. Мен үшін барлық педагог кадрлар, ата-аналар, оқушылар Конституция алдында тең. Ақмола облысы. Целиноград ауданы. Ы.Алтынсарин ауылының ЖОББ мектебінің директоры Шахарбаев Тойлыбек Атамуратович.