Қазақ тілін үйренуге бағытталған:
Сөздік қорды байытуға бағытталған:
Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:
Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:
Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:
Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:


Ұйымдар тізімі
05.06.2026


Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Ы.Алтынсарин ауылының ЖОББМ КММ
🌞 05.06.2026 күні «Балауса» мектеп жанындағы жазғы лагерінде 📖 Ертегілер күніне орай «Ертегілер еліне саяхат» атты танымдық іс-шара өткізілді.
🎭 Іс-шара барысында балалар сүйікті ертегілерінің бірі – «Бауырсақ» ертегісімен танысып, ертегі кейіпкерлерінің қызықты оқиғаларына саяхат жасады.
✨ Оқушылар ертегі желісі бойынша түрлі тапсырмалар орындап, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасап, өз ойларын ортаға салды. Балалар шығармашылық белсенділік танытып, ертегі әлемінің ғажайып сәттерін бірге сезінді.
📚 Ертегілер арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, адамгершілік құндылықтар мен достық, қамқорлық секілді қасиеттердің маңызын түсінуге мүмкіндік алды.
😊 Шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты әсерлерге толы болды.
👩🏫 Өткізген: мектеп кітапханашысы Жұмағұлов Махаббат Сайранқызы.
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
Бірлік және ынтымақ
#Адал_азамат
#oqu_agartu_ministrligi
#suleymenova_zhuldyz
#ainagu