"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ыбырая Алтынсарина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Электронды порталдар

Қазақ тілін үйренуге бағытталған:

tilqural.kz

abai.institute

Tilmedia.kz

balatili.kz

Сөздік қорды байытуға бағытталған:

Emle.kz

Termincom.kz

Sozdikqor.kz

Qazcorpora.kz

Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:

Qujat.kz

Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:

Atau.kz

Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:

Qazlatyn.kz

Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:

Tilalemi.kz

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЗАҢДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫ ⚖️

09.01.2025

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЗАҢДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫ ⚖️🇰🇿
Заңды сақтау құқықтық мемлекетті қалыптастырудың ажырамас бөлігін құрайды, сонымен қатар қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты қолдауда маңызды рөл атқарады.
Заң елдің әрбір азаматының құқықтарын айқындайды және қорғалуын, сондай-ақ қатаң сақталуын қамтамасыз етеді, бұл қоғамның үйлесімді жұмыс істеуіне, азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға, жеке және ұлттық игілікке жағдай жасауға ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, әділ және ашық қоғам құрудың негізгі құралы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жемқорлықтың алғышарттарын болдырмауға бағытталған кешенді шараларды қамтиды. Бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға, экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік әділеттілікті жақсартуға ықпал етеді.  
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - бұл мемлекеттік органдардың жұмысы ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Жастар, бизнес өкілдері, еріктілер, мемлекеттік құрылымдар - барлығы заң үстемдігі мен әділеттілік басты құндылығы болып табылатын құқықтық мемлекет құруға өз үлесін қосады.  
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарының туындауын болдырмауға бағытталған түрлі мақсатты топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыстар жүргізу үшін іс-шаралар кешенін қамтамасыз етеді.
Парасаттылық жүйесін қалыптастыруда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу қағидаты маңызды рөл атқарады.
Мектеп оқушылары мен студенттер арасында «Адал Ұрпақ» және «Саналы Ұрпақ» клубтары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар оқушылар мен студенттерге арналған адалдық сағаттарын өткізу  жұмыстары жалғастырылуда.
Іс-шараның негізгі мақсаттары – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру және моральдық-патриоттық құндылықтарды насихаттау.
Ағымдағы жылы жыл басынан бері Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мобильді топ өз жұмысын бастады. Оның құрамына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, заң кеңесшілері палатасының, нотариаттық палатаның, адвокаттар алқасының, сот орындаушыларының, мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер кірді.
Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту аясында халыққа тегін құқықтық кеңес беру.
Мобильді топ мүшелері облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамти отырып, 20 кездесу өткізді. Осылайша, тұрғын үй алу кезектілігі, жер қатынастары, абаттандыру, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызды салаларға байланысты мәселелер бойынша өңірдің 200-ге жуық тұрғынына құқықтық көмек көрсетілді.  
Ашық диалог пен азаматтарды жергілікті жерлерінде жедел қабылдау – профилактикалық жұмыстар жүргізуге ғана емес, сонымен қатар кеңес беруге, осылайша халықтың құқықтық сауаттылығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
Азаматтардың сұрақтары уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына қабылданып, оларды әрі қарай да қолдау үшін өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бақылауына алынды. Аталған бастаманың негізгі артықшылығы – құқықтық мәдениетті арттыру арқылы құқықтық тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өткен жылдың басынан бері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасын жүзеге асырып келеді.
Бұл жоба мүдделі азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді және басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тартуды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 126 ерікті тіркелген. Өңір еріктілері 800-ден астам азаматқа құқықтық көмек көрсетті, мемлекеттік сатып алу барысында еріктілердің қатысуымен 600 млн. тг. үнемделді. Облас еріктілері әлеуметтік нысандардың, жолдардың, мемлекеттік сатып алулардың сапасына қатысты 36 қоғамдық мониторинг жүргізді. Барлық анықталған бұзушылықтар уәкілетті органдарға жіберіліп, жойылды.
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам - заңдылық пен тәртіпті нығайту, сондай-ақ мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету жолында бірлесіп жұмыс істейтін өзара байланысты екі тірек болып табылады. 
#ЗАҢменТӘРТІП #ЗАКОНиПОРЯДОК

Просмотров: 37

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Текст